Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінде тәртіп сақшылары «Қазақстан студентерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы өкілдерінің қатысуымен «Орда» жоғарғы колледжі «Құқықтану» факультетінің 2 курс студенттері үшін «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шара барысында  полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып бұқара халықпен жақындастыруға, ішкі істер органдарының қызметін дәріптеп, Отанға қызмет етемін дейтін жастардың қатарын көбейтуге бағытталған.   

Іс-шара аясында қонаққа келген студенттерді Ішкі істер органдарының құрметті ардагері, запастағы полиция полковнигі Хусаин Қоразбаев қабылдап, оларға ішкі істер органдарындағы қызметі туралы ақпарат берерлік дәріс оқыды. Одан кейін нағыз полицей болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек екендіктерін түсіндіріп, қызмет барысындағы қызықты естеліктермен бөлісті. Өзінің ағалық ақыл-кеңестерін айтты. 

Шараға қатысушылар үшін департамент мұражайына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Мұражай қызметкері департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. 

Сондай-ақ, студенттер көше қиылыстарында, көпқабатты үйлердің аулаларында және білім беру ұйымдарында орнатылған бейнежазба камераларының жұмысымен танысу үшін жедел басқару орталығына барды. 

Полиция қызметкерлерімен сөйлесіп, көптеген сұрақтарға жауап алды. Өткізілген іс-шара олардың жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз. Болашақта мұндай іс-шаралар жалғасатын болады.
0V4A1381.jpg0V4A1363.JPG

Тағы да оқыңыз: