Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінің тәртіп сақшылары 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығына, 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелеу қарсаңында ардагер полицейлерді құттықтады.   

Тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері назардан тыс қалдырылмайды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында полиция ведомствосының өкілдері және департаменттің Ардагер кеңес мүшелері Жаншай Аяпова, Аманкүл Абсадирова апайларға, Абдулла Мұхтаров, Төлеш Әлиев ағайларға барып қайтты. Ішкі істер органдары ардагерлерінің тізімінде 5 тыл еңбеккері және 6 Ұлы Отан соғасы ардагерлерінің жесірлері бар.

Мерекеге орай ішкі істер саласында қызмет етіп, құрметті зейнеткерлік демалысына шыққан ардагерлердің үйіне арнайы барып, мейрамдарымен құттықтап, азық-түліктер жеткізді.   

Осындай беделді ардагерлер иықтарына погон тағып, құқық қорғау қызметінің ыстығына күйіп, суығына тоңған білікті мамандар саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған.

Қиын қызметтің ыстығы мен суығына төзген ардагерлер жас полиция қызметкерлерін кәсіптерінің шеберліктеріне үйретіп келеді. Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагерлер департамент басшылығына, Ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдірді. 

«Бізді елеп, ескеріп, мейрамда құттықтап келгендеріңе, өз сый-сыяпаттарыңды ала келгендеріңе алғысымыз шексіз. Ауыр қызметтеріңе тек қана табыс, өздеріңе шыдамдылық пен зор денсаулық тілейміз!» деп ақ баталарын берді. 

image-05-05-23-04-48.jpegimage-05-05-23-04-48-3.jpegimage-05-05-23-04-48-4.jpeg

Тағы да оқыңыз: