maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Кадр қызметі − Ішкі істер органдары жүйесінде маңызды болып табылады. Себебі кадр даярлау ісі мұқияттылықты талап етеді. Бүгін қызмет барысында кемшіліктер жіберген полиция қызметкерлерімен «Офицерлер кеңесі» өтті. 

Кеңесті Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы Мақсат Садыбеков төрағалық етті. Қызмет барысында кемшіліктер жіберген полиция қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары мен қызметтерін абыроймен атқаруларын талап етті.

Ел тыныштығын сақтауда алдыңғы шепте тұрған тәртіп сақшылары үшін ең қажетті қасиет – тәртіп пен патриоттық тәрбие. Бұл ретте тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың полиция қызметкері үшін маңызды.

− Бүгінде полиция ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби-адамгершілік, патриоттық тәрбиесін арттыруға және тәлімгерлікке көп көңіл бөлеміз. Қала орталығында қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің жұмыстары, олардың азаматтармен дұрыс қарым-қатынаста болуы барлық басшылық тарапынан бақылауға алынған,− дейді тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы Мақсат Тұрымханұлы.

Алдағы уақытта да мұндай шаралар өзінің жалғасын табатын болады.

 

Тағы да оқыңыз: