Kyzylorda-news.kz Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл бастама жастарды еңбекке баулып, жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыруды көздейді.

Осы бағытта Қызылорда қаласындағы мектеп оқушылары құрылыс индустриясының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының бірі – «КСМ KZ-2022» ЖШС темір-бетон зауытына экскурсия жасады.

Кәсіпорын 200-ден астам темірбетон бұйымдарын шығарады. Олардың қатарында:

  • көпбөлімді жабын және таспалық фундамент тақталары;
  • қабырға блоктары;
  • темір-бетон маңдайшалар;
  • дөңгелек темір-бетон шеңберлері;
  • жол жиегіндегі тас тақталар;
  • су жүретін лотоктар мен резервуар қабырғалары бар.

Бұл өнімдер аймақтағы тұрғын үй, көпір және гидротехникалық нысандар құрылысында кеңінен қолданылады.

Зауыттың техникалық базасы жылдан жылға жаңарып келеді. Құрылғылардың басым бөлігі Ресейден жеткізілген. Еңбек ұжымының 30%-ын технолог, инженер, краншы сияқты мамандықтарда еңбек ететін қыз-келіншектер құрайды. Олар ер азаматтармен иық тірестіре жұмыс атқарып жүр.

Ішкі нарықты толық қамтып отырған бұл зауыт – өңірдің ірі әрі сенімді өндіріс орындарының бірі. Кәсіпорын алдағы уақытта да өнім көлемін арттыруға мүдделі.

Осындай экскурсиялар – оқушыларға нақты өндірісті көрсетіп, жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттырудың тамаша тәсілі.

Кызылординские студенты посетили завод железобетонных изделий 1.jpg

Тағы да оқыңыз: