Kyzylorda-news.kz. «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлықтың аясында Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырды.

Оқушыларға Кинологиялық орталықтың аумағы көрсетілді. Балалар кинологтар мен олардың қызметтік иттерінің жұмысымен танысты. Атап айтқанда есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қылмыскерді құрықтау.

Кездесу барысында экскурсанттарға қызметтік иттердің тұқымдары мен әдеттері, оларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте қолдану мүмкіндіктері туралы айтылды, сондай-ақ қызметтік иттердің ұзақтыққа жүрігу мен түрлі кедергілерді алу тәсілдері көрсетілді.

Айта кету керек, кинолог – сирек кездесетін мамандық. Сырттай қарағанда кинологтардың қызметі қызықты болып көрінеді. Алайда, оларға жүктелетін міндеттің ауыр екенін екінің бірі біле бермейді. Жеті қазынаның біріне қосқан ит - адамның серігі, әрі қорғаушысы болған. Ал бүгінгі таңда арнайы үйретілген иттерді түрлі қызмет бабында қолданып жүр. Мәселен, қарулы күште, төтенше жағдайда, шекара қызметінде, кеденде және ішкі істер бөлімінің қызметінде кеңінен пайдаланып келеді.

WhatsApp Image 2023-05-30 at 16.38.52.jpegWhatsApp Image 2023-05-30 at 16.38.51 (1).jpeg

Тағы да оқыңыз: