Kyzylorda-news.kz. «Жазғы кітапхана» жобасы аясында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Жас шахматшылар» клубының мүшелерімен «Шахмат әлемін меңгерген» атты турнир өтті.

Шахмат ойыны баланың ойлау, байқампаздық, зейіндік қабілеттерін дамытатынын білеміз. Осы орайда ұйымдастырылған ойында, клуб мүшелері 2- топқа бөлініп жеңіске жетуге талпынып, барлық ерік-жігерлерін арттырып ойынға қатысты. Ойынның басында әрбір команда мүшелеріне шахмат ойынының негізгі ережелері жайлы мағлұмат берілді. Ойынның мақсаты қарсыласын шабуылдай отырып, жеңіске жету. Ойын барысында Абылайхан атындағы №140 орта мектеп оқушылары, кітапхананың белсенді оқырмандары Махмут Жансезім,Төлеген Толқын, Нағамадулла Ақжайна , Серікұлы Данияр жақсы ойын көрсетті. Ойын барысында жастардың математикалық қабілеттіліктеріндегі қайраттылық, табандылық, намысқойлық сынды қасиеттері, сондай-ақ жеңіске жетуге деген құштарлықтары байқалды. 

Жарыс қортындысы бойынша 10 мүмкіндіктен 9 ұпай жинаған «Жігерлі» командасы жеңіске жетті. Шахмат ойыны өте қызықты, тартымды өтті. Шара нәтижесінде кітапханаға 7 оқырман жазылды.

Тағы да оқыңыз: