Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі және аудандық филиалдардың қызметкерлері біліктілігін артыруда.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Орталық музейінің ұйымдастыруымен ғылыми-зерттеу және мәдени-білім жұмыстары бойынша музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жолдарын жүйелеу және дамыту мақсатында биылғы жылдың 23-25 қараша күндері музей қызметкерлеріне арналған «Қазіргі отандық музей: Жаңа тәсілдер мен өзекті іс-тәжірибелер (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің іс-тәжірибесі негізінде)» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренингіне Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі және аудандық филиалдардың қызметкерлері қатысуда.

Биылғы жылдың 23 қараша күні қатысушыларға «Музейлік менеджмент», «Музей жәдігерлері негізінде ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу», «Ғылыми жобаларды дайындау жолдары» тақырыптарында тренингтер жүргізілді.

Сондай-ақ 24 қараша күні қор сақтау жұмыстары жөнінде лекция тыңдаса, 25 қараша күні мәдени білім берудің жаңа қызметімен танысып, семинар соңында барлық қатысушылар арнайы сертификаттар иеленеді.

316412491_1663579547372896_8753831586293358132_n.jpg

Тағы да оқыңыз: