Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық меценат, «Техоснастка - Ремсервис» ЖШС директоры Ли Илларион Гукхенович Қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар форумында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісімен марапатталды.
Қызылорда облыстық корей этномәдени бірлестігінің белсендісі тұрақты түрде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен жүзеге асырылған қайырымдылық акцияларына өз үлесін қосып келеді. 2016 жылы өз қаражаты есебінен Достық үйінің хореография залын талапқа сай жабдықтап, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етті.
Қайырымдылық бағытынан бөлек қаламыздың өнер және спорт саласына, қалалық, облыстық деңгейдегі спорт жарыстарына демеушілік жасап келеді.
Сонымен қатар, Илларион Ли облыстық корей этномәдени бірлестігінің барлық деңгейдегі іс-шараларының өтуіне қаржылай көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған.
Пандемия кезінде және қаңтар оқиғасында қайырымдылыққа толы ізгі жұмыстарды жасырын жасап, әрдайым жарияламауды жөн көреді. Сонымен қатар, болашақ ұрпақты бірлікке, достыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында атқарған игі шаралары да аз емес.
Өз елеулі еңбегінің нәтижесінде Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл мерекелік медалі, қала және облыс әкімдерінің көптеген грамоталары мен алғыс хаттарына ие болған.

