Kyzylorda-news.kz  26 наурызда түнгі сағат 00-ден 40 минут өткенде Қызылордалық құтқарушылар тобы Қостанай өңіріне құтқару көмегін көрсету мақсатында жолға шықты. 27 наурыз сағат 16:00-де олар Қостанай облысындағы Амангелді ауданына жетіп, жұмысты бастады.

 Қызылорда облысы ТЖД берген мәліметте,  2024 жылдың 27 наурыз сағат 18-ден 30 минут өткенде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары: құрамында 31 жеке құрам адамы, 6 бірлік техника, 10 су сору мотопомпасы, 2 үрлемелі қайықпен көмекке Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Амангелді ауылында қардың еріген суларын тарту жұмыстарын жүргізгені айтылды.

   – Бүгін –  29 наурызда сағат 00-ден 45 минут өткенде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының күшімен Қостанай облысындағы әріптестермен бірлесіп, Қостанай облысындағы Амангелді ауданының Амангелді ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан Шынтас фазендасынан 2 үрлемелі қайықты пайдалану арқылы 5 адамды қауіпсіз жерге шығарды, –деді Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жандос Досымов. 

    Құтқару жұмысы кезінде бірқатар Қостанайдың тұрғындары Қызылордалық құтқарушыларға алғыс айтты.

 

Тағы да оқыңыз: