Kyzylorda-news.kz. Бұл сүйінші хабар Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонын бір марқайтты.  Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен еліміздің төтенше жағдай саласының қызметкерлері бақ сынаған  тартысты бәсекеде Қызылорда өңірінен қатысқан құтқарушылар озат атанды, нағыз құтқарушыға тән кәсіби  біліктілікті, шапшаңдықты,  ептілікті, жоғары дайындықтарын көрсетті. 

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша  бірінші орынды иеленді. Олар өткен жылғы  «Қазқұтқару-2022» республикалық оқу-жаттығуы жиынында 2 орынды алған болатын. Олар «Техногенді апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Орташа қиылысқан жерлер бойынша командалық эстафета» және «Белтемірдегі кешенді күштік жаттығу» секілді дистанцияларда бақ сынаған болатын.  Сонымен бірге биылғы оқу-жаттығу жиынының ерекшелігі -  еріктілердің республикалық форумының да өтуінде болды.
 

Тағы да оқыңыз: