Kyzylorda-news.kz. Ұлы Отан соғысында кеудесін от пен оққа тосқан қызылордалық қаһармандардың бірі Талжан Жанасов.
Ол 1925 жылы 1 шілдеде Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.
1942 жылы Кеңес әскеріне шақырылып, Ақмола қаласынан бір ай бойы әскери дайындықтан өтеді.
Бірінші Украин майданында, соңынан Төртінші Украин майданында жаяу әскер қатарында болып, Ұлы Жеңісті Германияда қарсы алады.
1980 жылы зейнетке шыққанға дейін темір жол саласында машинист болып еңбек еткен.
1, 2 дәрежелі “Отан соғысы ордені”, “Ерлігі үшін” медальдарымен марапатталған.
Бүгінгі күні 5 бала тәрбиелеп, 25 немере және 25 шөбере сүйіп отыр.
