Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасалған. Бүгінде аталған мекемеде қаладағы 18 кәсіпкер кәсібін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. 

Соның бірі – брусчатка өндіретін ЖШС «Сұлтан» кәсіпорны. Өз жұмысын үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастаған бұл кәсіпорында қазіргі таңда алты сотталған жұмыспен қамтылып отыр. Олар осылайша, мемлекетке, жеке тұлғаларға төлеуі тиіс өтемақыларды осы кәсіпорында еңбек ету арқылы айлық табысынан өтеуде. 

«Сотталғандар бостандыққа шыққаннан кейін табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек, оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Мекеменің өндірістік аймағына жеке кәсіпкерлерді тарту мақсатында қаламыздағы жеке кәсіпкерлерге ашық есік күндері, семинар-кеңестер өткізілді. Жеке кәсіпкерлерді өз кәсібін дамыту мақсатында мекемемізге шақырдық. Соның нәтижесінде келісімге келіп, сотталғандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туды», – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Бағлан Қалиев. 

Мамандардың айтуынша, мұндай еңбек шарасына қатысуға жеңіл жаза түрін алған, алғаш істі болған сотталғандар қатыса алады. Бұл өз кезегінде оларды еңбекке баулып, қайта ағаттық жасауына септігін тигізіп, әрі бұған дейін келтірген зиянын өтеуге мүмкіндік береді. 

Тағы да оқыңыз: