Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық жеке кәсіпкер Айбархан Тойманов кәсібін дөңгелетіп отырған тұрғындардың бірі. Ол өз қаражаты есебінен дәнекерлеу цехын ашып, халыққа жоғарғы сападағы өнімдерді қысқа мерзімде дайындап, темірден түйілген бұйымдарды жеткізіп, қондырып беріп отыр.

Кәсіпкердің кеңсе-шеберханасы Тасбөгет кентінде орналасқан. Кәсіпорының облыс тұрғындары үшін кең спектрлі тауарлардың түрін шығаруға мүмкіндігі бар. Атап айтар болсақ, стандартты емес өлшемдегі металл профильден есіктер, шатырлар, күнқағарлар, торлы дәнекерленген қоршаулар. 

Қазір таңда цехта 10-15 адам жұмыс істейді. Өнімге сұраныс күннен күнге арттып келеді. Кәсіпорынға тек жеке азаматтардан ғана емес, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар тапсырыс беруде.

Дәнекерлеу цехтың артықшылықтарының бірі заманауи жабдықпен жабдықталған болса, екінші ерекшелігі – нарықтан төмен бағасы. 

Кәсіпкердің айтуынша, ол бұйымдардың құнын халық үшін қолжетімді бағада ұстауға тырысады.

«Мамандығым – дәнекер. Осы салада жүргеніме 10 жылдан асты. 2020 жылы металды лазерлік кесу бойынша заманауи жабдықтар сатып алып, металл құрылымдарын дайындау цехын іске қостым. Қазір металл бұйымдарына сұраныс өте жоғары. Көптеген тұтынушылар өрнектері бар сәнді металл қақпаларға, әткеншекке тапсырыс беруде. Айына 20-25 қақпалар шығарудамыз», - дейді Айбархан Тойманов.

315855318_1310800329681161_5170375205369645907_n.jpg

Тағы да оқыңыз: