Kyzylorda-news.kz. 20 жылдан астам тәжірибесі бар ЛОР дәрігері Алмат Байнаев қазірде облысқа танымал «Ақсәуле-Мед» емханалар желісінің негізін қалаушы. 2015 жылы алғашқы емхананы ашу мақсатында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан 5 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, ЛОР мүшелерінің ауруларын емдеуге арнайы құрал-жабдықтарды сатып алды.
Алғашында Тасбөгет кентінен ашылған емханада 2 медбикемен бірге жұмыс жасап бастаған. Науқастардың көбеюіне байланысты және ота жасау бөлімдерін іске қосу үшін 2020 жылы «Саяхат» мөлтек ауданында орналасқан емханаға 15 млн. тг. қолдау көрсетілді. 2023 жылы «Мерей» мөлтек ауданынан тағы бір жаңа емхананы заманауи корей техникаларымен қамтамасыз ету мақсатында 25 млн. теңгемен қаржыландырылды. Бүгінгі күні «Ақсәуле-Мед» емханалар желісінде 60 қызметкер жұмыс жасайды. 1 жылда 120 мыңға дейін науқасқа көмек көрсетілуде.
«Алдағы уақытта басқа да салаларды дамыту жоспарда бар. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына көп рахмет! «Ақсәуле-Мед» емханалар желісі облыс көлемінде ғана емес, республикалық деңгейде танымал болып қалды», - деді Алмат Байнаев.
