Фото: otyrar.kz

 Kyzylorda-news.kz.  Қызылордалық ерлі-зайыптылар 2023 жылдың шілде айында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген желеумен жәбірленуші «М» есімді азаматшадан алдап 8 000 000 теңге ақша қаражатын алған.

28.10.2023 жылы аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен және ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағыменсотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне тіркелген.

Қазіргі таңда, «А» және «Г» есімді азаматтарға Қызылорда қалалық мамандандырылған сотымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы санкциясы берілді. Іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүрігзілуде.

Тағы да оқыңыз: