Kyzylorda-news.kz Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Руслан Маратжан Түркістан қаласында өткен теннистен республикалық ашық турнирінде жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Руслан тенниспен жеті жасынан бастап айналысады. Оны әкесі алғашқы жаттығуға алып келіп, бұл спортқа деген қызығушылығын оятты. Бүгінде жас спортшы Қазақстандағы және шетелдегі жарыстарға қатысып, ATF және Tennis Europe турнирлерінде тәжірибе жинап жүр.

Биыл Руслан үшін ерекше кезең болды. Ол Испанияның Барселона қаласындағы Next Level Tennis Academy-де жаттығып, халықаралық деңгейдегі теннисшілермен бірге дайындалды. Бұл тәжірибе оның шеберлігін шыңдап, жаңа мақсаттар қоюына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар Руслан Қызылорда облысының құрамасында Қазақстан кубогына қатысып, 16 команданың арасынан 6-орынға ие болды.

Жас спортшы басты мақсаты – Қазақстанның бірінші ракеткасы атану, кейін әлемдік теннисте жоғары нәтижеге қол жеткізу.

Тағы да оқыңыз: