Kyzylorda-news.kz Кейінгі уақытта Қызылорда қаласының даму деңгейі жақсара түсіп, құрылыс саласы қарқын алғанын, жаңа ғимараттардың дизайны ерекше екенін кез келген қала тұрғыны байқай алады.
Қала қақпасынан енген әрбір тұрғын мен мейман шаһардан ерекше шығармашылық еңбек пен дамуды тамашалайды. Көлік инфрақұрылымының дамуы, кең жолдар мен қаланың әр тұсында, негізгі көшелерде өзгеше өң сыйлаған ландшафты аумақтар қала мәдениетін, шаһардың өсіп-өркендегенін білдіреді. Әсіресе, былтыр ашылған "Анаға тағзым" орталығы, "Отбасы орталығы", жуырда ел тгілігіне берілген "Өнер орталығы" қала сұлулығын, шаһар эстетикасын танытқандай.
Облыс аумағында жүргізілетін құрылыс жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану кең етек алды. Қазіргі таңда құрылыс нысандарын жобалау процестеріне жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан құрылыс жұмыстарына қойылатын талаптар мен ақпараттық модельдеу ерекшелігіне тоқталсақ.
Инвестициялық және құрылыс индустриясын басқарудың қазіргі кезеңінде құрылыс нысанын жобалау ғана емес, оның бүкіл эксплуатациялық кезеңінде сұранысқа ие болатын барлық қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық модель қажет.
Құрылыс саласы күрделі объектілерді халыққа одан әрі пайдалану мақсатында жаңадан салу, кеңейту, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру арқылы жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі қорларды құруға, қайта жөндеуге және сатуға (сатып алуға) бағытталған.
Ғимараттар мен құрылыстарды ақпараттық модельдеу технологиялары цифрлық экономиканың жалпы құрылымындағы негізгі технологиялар болып табылады, өйткені олар жұмыстың тиімділігін айтарлықтай арттыра алады.
Кез келген объектінің эксплуатациялық кезеңі келесі кезеңдерден тұрады: жобалау, салу, пайдалану және кезеңдердің әрқайсысы тапсырмалардың біртұтас тізімін шешуді қамтиды. Ғимараттың немесе құрылыстың цифрлық ақпараттық моделін құрудың түпкілікті және ашық процесін әзірлеу оның эксплуатациялық кезеңінің әрбір сатысын іске асыру сапасын арттыруға көмектеседі.
Бұл күрделі құрылыс объектісінің эксплуатациялық кезеңін ескере отырып, инвестицияларды бағалау және негіздеу, күрделі объектіні құру мен басқарудың барлық кезеңдерінде BIM технологиясын енгізу құрылыс саласын инновациялық басқарудың негізі болып табылады.
Күрделі құрылысты жобалау процестерін стандарттау және BIM технологиясын тиімді қолдану жылжымайтын мүлік нысаныныңэксплуатациялық кезеңінің келесі сатыларында ақпараттық модельдеу векторын белгілейді, жалпы инвестициялық және құрылыс жобаларының табыстылығын анықтайды. Бұдан шығатыны, құрылыс нысандарын сәулет-құрылыстық жобалаумен айналысатын компанияларда BIM технологиясын енгізу мәселесі «жобалау-құрылыс-пайдалану» технологиялық тізбегінде шешуші болып табылады.
Құрылыс нысанын автоматтандырылған жобалауға және басқаруға бағытталған дәстүрлі тәсілдің (CAD-тәсіл) негізгі проблемаларына мыналар жатады:
- бірегей жобалау стандартының болмауы;
-бизнес-процестерге қатысушылар арасындағы әрекеттердің сәйкессіздігі;
- мамандар арасындағы интеграцияның жетімсіздігі;
- жобалық құжаттар арасындағы үйлестірудің болмауы;
- жобаны өзгерту және жаңарту кезеңдеріндегі коллизияның болу қаупі;
- ақпарат көздері арасындағы байланыстың болмауы;
- деректерді басқарудың тиімсіздігі;
- деректер форматтарының сәйкессіздігі мәселелері.
2D модельдеудегі негізгі мәселелердің бірі ақпараттың жоғалуы болып табылады. Сонымен бірге жоғалған ақпараттың көлемі объектінің өмірлік циклінің кезең кезеңінде жинақтала береді. Объектіні жобалау, салу және пайдалану кезінде әртүрлі ақпараттарды байланыстыру тәртібінде айқын емес әдістерімен шешу күрделі процесс болуы мүмкін. Ол әртүрлі өндірушілердің бағдарламалық құралдарын пайдаланатын ақпараттық құрылымдарды қосуды және жүйелеуді талап етеді. Сонымен қатар, ақпаратты берудегі кедергілерді жүйелеу және жою күрделі құрылыс жобасын басқару тиімділігін арттырудың кілті болып табылады.
Ақпараттық модельдеу технологияларын қолдану – бұл жай ғана сәнді үрдіс емес, ол инвестициялық және құрылыс индустриясының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін нақты экономикалық қажеттілік болып табылады.
Ақпараттық модельдеу технологиялары жобалау – құрылыс -қолдану циклінің инновациялық тәсілі болып табылады. Ақпараттық модельді әзірлеу экологиялық тепе-теңдікті сақтай отырып, күрделі объектілерді құрудың жылдамдығын да, экономикалық тиімділігін де арттыруға мүмкіндік береді. АМТ-ға негізделген шешімдер: шығындар сметасын, құрылыс процестерінің 4D визуализациясын, коллизияларды анықтауды, тұтынушылармен ақпарат алмасуды, сондай-ақ құрылыс процестерін жоспарлауды және оңтайландыруды қамтамасыз етеді. Бұл күрделі құрылыс объектісінің «эксплуатациялық кезеңінде» материалдық шығындарды азайтуға, өнімділікті арттыруға және жалпы шығындарды үнемдеуге әкеледі.
Сәулет-құрылыс жобалау сатысында BIM-ді қолданудың негізгі артықшылықтары:
- күрделі құрылыс объектілерін орналастыруды жоспарлау кезінде іргелес аумақтардың қолданыстағы инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі;
- инженерлік желілерді жобалау кезінде жер бедері мен топырақ ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндігі;
- іргелес аумақтардың көлік жолдарындағы өзгерістерді ескере отырып, даму аймағындағы көлік желісін жоспарлау мүмкіндігі;
- құрылыс жұмыстарын орындауға қажетті ресурстардың оңтайлы көлемін анықтау мүмкіндігі;
- жеткізудің уақыты мен құнын барынша азайтуға мүмкіндік беретін материалдарды жеткізудің оңтайлы жолдарын анықтау.
-жобалау процесін шынайылыққа максималды жақындауға мүмкіндік береді.
-ғимараттың ақпараттық моделі жоба туралы негізгі ақпаратты құрайды, яғни, программаға қабаттың жоспарлар, қасбеттер, қималар мен 3D көріністерді дәл құруға мүмкіндіктер береді, сондай-ақ есептеулерді орындауға, спецификациялар мен әрлеу ведомостерін жасауға мүмкіндік береді.
-анализ және визуализация процесінде жобаны жақсы түсінуге көмектеседі.
-ғимаратты концептуальді жобалаудағы мүмкіндіктің кеңеюі жоба идеясын жұмыстың бастапқы кезеңінде түсінуге мүмкіндікті ұлғайтады.
-эксплуатациялық сипаттамаларын дәл болжау және энергетикалық анализ жасау үшін ғимарат жайлы әріптестердің өзге де қосымшалармен өзара ақпарат алмасуы.
Күннің ауысуын, күн сәулесінің әсерін өлшемдер мен материалдардың анализіне орай ресурстарды сақтау тұрғысынан қарағанда, барынша рационалды жобалау.
-конструкцияларды дайындау мен анализдеу барысында маңызды мәліметтер алу мүмкіндігі.
-шешім қабылдау мен өнім шығару мерзімінің қысқаруы.
-параметризация механизмі есебінен түзету енгізу және жұмыс координациясы кезіндегі қателіктерді қысқарту.
-рентабельділіктің өсуі, клиенттің ризалығы, жобаның тиімді реализациясы есебінен бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы.
BIM-ді енгізу тетіктері ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық жағынан да айтарлықтай жетілдіруді талап етеді. Осылайша, Қазақстанда жобалау компанияларында BIM-ге көшу процесін айтарлықтай қиындататын негізгі факторлар:
1. Жобаны әзірлеу және күрделі нысанның ақпараттық цифрлық моделін қалыптастыру процестерін сипаттайтын нәтижелерін бағалау критерийлерінің болмауы. Сандық форматта бастапқы деректерді жинау мен өңдеудің инвестиция алдындағы кезеңінен бастап тұтастай құрылыс индустриясында ақпараттық модельдеудің нормативтік базасының сәйкессіздігі.
2. BIM-ді енгізудің тиімді механизмдері мен әдістемесінің болмауы.
BIM-ге жаппайкөшу үшінжоғарыда айтылғандарды ескере отырып, BIM-дітиімді енгізу процестерін ұйымдастыруға арналған нұсқаулықтар түріндегі қосымша білім қажет. Сәулет-құрылысты жобалау, инвестициялық және құрылыс қызметіне қатысушылардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы мемлекеттік стандарттарды пысықтау бойынша ұсыныстар, сондай-ақ күрделі құрылыс объектілеріне BIM-ді енгізудің тетіктері жасалуы тиіс. Экономикалық және қаржылық тұтқаларды жетілдіру арқылы АМТ-ны енгізу тиімділігін арттыру мақсатында жобалық компаниялардың оларды пайдалану мүмкіндігінде, қаржыны пайдалануды ұйымдастыру және ынталандыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінде күрделі құрылыс объектісін кеңістіктік модельдеудің ұсынылған критерийлері мен талаптары жүйесіне негізделген бірыңғай интеллектуалды объектілік базаны қалыптастыру, тәртіп сапасын арттыру, мемлекеттік бағдарламалардықажет етеді.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі