Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында  жеңгетайлықты кәсіп қылған  1 азаматша  анықталды. Ол облыс орталығындағы сауналардың бірінде  келген тұтынушыларға жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, пайда тапқан.

Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

“Шара барысында Қызылорда облысы ПД-нің  қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жүргізіліп, қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 18 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну 2 дерегі анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 450-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды”, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: