Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов қалалық және аудандық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған кеңейтілген жиын өткізді.

Басқосуда 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауында комиссиялардың жұмысына талдау жасалып, науқанды өткізу мәселелері қорытындыланды.

Әділбек Ерсұлтанов жыл басынан бері облыстық сайлау комиссиясының кәсіби құрамы жаңа тәжірибелі мамандармен толығып, тұрақты негізде жұмыс істеуге көшкенін тілге тиек етіп, қала және барлық аудандардағы тұрғындардың сайлауға қатысу белсенділігі бойынша қорытынды жасады.

Комиссия төрағасының орынбасары Болат Накипов электоралды оқыту нәтижелері мен жаңадан учаскелер құру туралы баяндаса, хатшы Аягөз Сырлыбаева сайлау процесінде хаттамалық мәселелер, байқаушылардың науқан барысында айтқан ұсыныс-пікірлерін саралап берді.

Сондай-ақ, жиында қала және аудандық сайлау комиссияларының БАҚ-пен және саяси партиялармен жұмыс жүргізуі, қаржылық аударымдарды уақытылы орындау мәселелері қаралып, сұрақтарға жауап берілді.

Комиссия төрағасы Әділбек Ерсұлтанов алдағы уақытта жоспарланған барлық деңгейдегі сайлаулар, оның ішінде аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу заң шеңберінде және ашықтық қағидатына сай өткізілуі керек екендігін алға тартты. Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше басымдық берілетінін тілге тиек етті.

Жиын соңында еңбегімен көзге түскен төрағалар мен хатшылар алғыс хаттармен марапатталды.

343309666_750958433104642_6012251484262727831_n.jpg

Тағы да оқыңыз: