Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменовтің арнайы тапсырмасына сәйкес қоғамдық көлік тасымалдау қызметіне бақылау жүргізілді.

Бүгінгі таңда қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатта облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен жылдан бастап Қызылорда қаласына жаңа автобустар келе бастады. Осы жұмыстардың негізінде, бүгінде қоғамдық көлік қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан қойылатын сауалдардың саны азайған. Яғни, «Автобус паркі» ЖШС-інің жаңа автобустармен толығуының нәтижесінде қызмет көрсету ауқымы кеңейіп, қалаішілік қоғамдық көлік саны 6 бағыттан 18 бағытқа артып отыр. Қазіргі кезде «Автобус паркі» ЖШС-не қарасты автобустар №1, 3, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 25, 28, 29, 31 және қосымша жүктелген «Ягодка» саяжайы бойынша тасымалдау қызметін жүргізіп келеді.

Міне, осы қоғамдық көлік қызметін тексеру барысында аялдамаларда автобустарын күткен қала тұрғындары №10, 16 бағыттағы қоғамдық көліктердің уақытын сағат 20:00-ге дейін ұзартуды немесе үлкен сыйымдылықтағы автобуспен қамту қажеттігі туралы ұсыныстарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: