Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы 37 мекемесінде мерзім соңымен сотталған азамат бостандыққа шықты."Қақпа алдында кездесу» аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты жазасын өтеушінің денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Қызылорда қалалық пробация қызметі, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының мамандары, САӘПТЖЖБ-нің босатылатын сотталғандардың тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөніндегі инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Арыстанова қатысты.
Босатылушы сотталған азаматқа босатылғанннан кейінгі тұрмыстық және құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.
- Мұндай іс-шаралардың мақсаты – сотталғандарға қоғамға бейімделуге, жұмыс табуға және ұзақ жылдар бойы бас бостандығынан айырылғаннан кейін дұрыс жолды таңдауға көмектесу, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға қолдау көрсету. Ер адам жол көлік оқиғасын үшін 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Қақпа алдынан оны бауыры қарсы алды. “Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды дұрыс жолға бағыттауға көмектеседі және бұл осы санаттағы адамдар арасында қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған негізгі жолдардың бірі",-дейді әділет аға лейтенанты Жадыра Арыстанова.