Kyzylorda-news.kz. Ақжарма ауылдық округіне қарасты Баймұрат батыр ауылы мен Талдыарал елді мекені тұрғындарын қоса есептегенде халық саны 2326 адамды құрайды. Экономикалық белсенді халық саны тұрғындардың 45 пайызын құрайды, яғни 1055 адам түрлі салада жұмыс істейді. Ауылда бір әлеуметтік жұмыс орны бар. Ал жұмыссыздық деңгейін жою мақсатында тұрақты жұмысқа 12 адам орналасқан. Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар саны – 465, жұмыссыздар саны – 8 адам. Осылайша ауылдық округтегі жұмыссыздық деңгейі 0,45 пайызды құрап отыр.
Өткен 2022 жыл бойынша ауыл тұрғындарын халықты жәрдемдесу шаралары арқылы 4 адам жастар практикасымен, 30 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа 15 адам құжаттарын тапсырып, 10 адам жалпы құны 12,250 миллион теңгені құрайтын грантқа ие болған.
Ауылдық округтің жыл басынан бекітілген бюджет шығындары бойынша 90,6 миллион теңгені құраса, жыл ішінде қалалық мәслихат шешімімен бұл қаражат 91,8 миллион теңгеге нақтыланып, 0,9 есеге артқан. 6 салық түрлері бойынша бекітілген салықтық түсімдер жоспары 4,5 миллион теңгені құраса, жыл ішінде қалалық мәслихат шешімдерімен бұл қаражат 5,1 миллион теңгеге нақтыланып, 0,9есеге артты. 2022 жылы салықтық түсімдер 5,0 миллион теңгеге жоспарланып, нақты түсім 4,9 миллион теңгені құрап, 100 пайызға орындалған.
Сонымен қатар округ бойынша жыл басынан 43 отбасындағы 180 адамға 5,6 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Ақжарма ауылдық округінде жалпы білім беретін 2 орта мектепте екі ауысымда барлығы 458 оқушы білім алады. Мектептер толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 2022 жылы мектеп бітірген түлектер 100 пайыз оқу грантының иелері атанған.
Ауылда бұқаралық спорт түрлері жақсы дамып келеді. Мәселен, ауылда грэпплинг, дзюдо, футбол үйірмелерінде 192 жасөспірім спортпен шұғылданады. Қазіргі кезде «Талдыарал» футбол клубы облыстық деңгейде бақ сынап жүр. Қазақстан біріншілігінен грэпплинг спорт түрінен жеңімпаз болған екі жасөспірім Әлем біріншілігі бойынша Испанияда өтетін жарысқа жолдама алған.
Ақжарма барлығы 134 кәсіпкерлік нысан бар. Өткен жылдың 10 айында 12 адам өз кәсібін ашып, өз-өздерін жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі күні олардың ішіндегі өнімсіздердің қатары 40 болса, өнімділер саны 465-тен 505-ге артқан.
Ауылда жұмыссыздықты жою мен әлеуметтік көмектер тағайындау мақсатындағы бағдарламаларды түсіндіру мақсатында кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, банк өкілдерінің қатысуын кездесулер ұйымдастырылып отырады. Осы жұмыстардың нәтижесінде еңбек нарығын дамыту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шараларды қабылдау мақсатында 2022 жылдың 10 айында кәсіпкерлікке оқыту курстары бойынша 22 адам тіркеліп, «Еңбек» бағдарламасы ішіндегі «Бастау-Бизнес» оқу курсынан 15 адам сертификатын алған.
«Аграрлық несие корпарациясы» Акционерлік қоғамының Қызылорда облысындағы филиалы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарылған қаражат есебінен ауылдық елді-мекен тұрғындарының кәсібін жүргізу мақсатында «Іскер» бағдарламасы арқылы 6 пайызбен 3 жоба қаржыландырылған. Соның ішінде Ақберген Беримов МІҚ мал басын асылдандыруға 4,9 миллион теңге, Қанат Әбішев МІҚ мал басын көбейту бағыты бойынша 48,0 миллион теңге және Нұрмұрат Елшібаев ауылшаруашылық техникасын алу мақсатында 7,5 миллион теңге қаржы алған.
2022 жылы Қызылорда облысында кәсіпкерлерді дамыту, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, әсіресе тамақ өнеркәсібін кеңінен қолдану үшін жылдық мөлшері 2-6 пайыздық жеңілдікпен несиелендіруге «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығына» облыстық бюджеттен 950,0 миллион теңге бөлінген еді. Бөлінген қаржыны кәсіпкерлердің жобаларына үйлестіру үшін өңірлік инвестициялық орталығының Бақылау кеңесінің отырысына Ақжарма ауылдық округінен 5 жоба ұсынылып, жалпы қаржысы 10,0 миллион теңге болатын 3 жоба қолдау тапқан. Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғыны Қалдыгүл Болтаеваның 27,8 миллион теңгеге ауылшаруашылық техникасын алу мақсатында бір жобасы қолдау тауып, қаржыландырылды.
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі – 7807,2 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскесінің көлемі – 6957,2 гектар. Ақжарма ауылдық округінде 18 жеке шаруа қожалығы 12 инвестормен бірігіп, 1541 гектар жерге күріш егілген болса, биылғы жылы 1327 гектар жерге күріш егу жоспарда бар. Былтыр 343 гектар жерге жоңышқа егілген болса, биыл 362 гектар жерге жоңышқа, 172 гектар жерге бидай егіліп, бидайдың әр гектарынан 10 центнерден, жалпы көлемі 172 тонна өнім жиналса, күріш дақылынан әр гектарынан 54,5 центнерден, жалпы 7231 тонна өнім жиналған.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқор базасында тіркелмеген мал бастарын тіркеу үшін «Жасыл дәліз - 3» бағдарламасы іске қосылып, тіркеу, сырғалау жұмыстары жүргізіліп, ауылда тағы 416 бас тіркелген. Айта кетерлік жайт, Баймұрат батыр ауылы мен Талдыарал елді мекенінде маусымдық аяқ су ұңғымасы орнатылған.
Талдыарал ауылының аумағынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 2018-2020 жылдар аралығында өтініш берген 256 азаматқа жалпы көлемі 256 000 шаршы метр жер учаскелері жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен табысталған. Жаңадан берілген жерлерге инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге қалалық құрылыс бөлімі арқылы электр жарығына байланысты 43,4 миллион теңге қаржыға мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес «Ер-Қанат Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталып, бүгінгі күнге жұмысы толық орындалмай, келісім-шарт мерзімі аяқталған. Қоғамдық кеңес мүшелері жұмыстың кешігуіне байланысты жиналыс өткізіп, қазір күннен-күнге заттың қымбаттауына байланысты өздеріне пайда болуы үшінең арзан сымдарын әкеліп жүргізуі мүмкін болғандықтан сот арқылы жосықсыз деп танып, қайта конкурс жариялау керек деп шешім еткен хаттамасын негізге ала отырып, қалалық құрылыс бөліміне ұсыныс жолданған. Бұл жұмыстар аяқталса, Талдыарал елді мекені бойынша жаңадан берілген жерлер инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі.
Баймұрат батыр ауылына электр желісін жүргізуге 489,0 миллион теңгеге қалалық құрылыс бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс тәсілімен «Сәт-Сервис» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, жұмыстар жүргізілуде. Ал ауылдағы Тоғай көшесіне көше жарығын орнату жұмыстары бойынша маусым айында мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша хабарлама беріліп, «Энергиянұр» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталған. Қазіргі таңда жұмыстары толық аяқталып, қабылданған.
Сонымен қатар Баймұрат батыр ауылына дәрігерлік амбулатория салуға жоба-сметалық құжаты дайындалып, сәуір айында толығымен 422,0 миллион теңге қаржы мемлекеттік сараптамадан шығып, облыстық экономикалық бюджетті жоспарлау бөліміне қаржының бөлінуіне бюджеттік өтінім жолданған.
Жыл сайынғы есепті кездесу кезінде, халықтың ұсынысына берген уәдеге байланысты биылғы жылға ауылға газ жүргізуге жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 37,6 миллион теңге қаржы қажеттілігі анықталып, ұсыныс берілген. Ал желтоқсан айында берілген тапсырмаға сәйкес 5 аялдаманың 6,3 миллион теңге болатын, Талдыарал елді мекеніне тренажер жабдықтарымен футбол алаңын салуға 25,2 миллион теңге қаржыға ЖСҚ дайындалып, жергілікті бюджетке бюджеттік өтінім ұсынылған.
Округтің учаскелік полиция инспекторы қылмыстың алдын алу мен оны болдырмаудың түрлі бағыттары бойынша жұмыстарды атқарып келеді. Ағымдағы жылдың 10 айында пәтер ұрлығы бойынша 1, мал ұрлығы бойынша 1, темір ұрлығы бойынша 1 қылмысы тіркелген.
