Kyzylorda-news.kz. Облыстық филармонияның концерт залында белгілі жыршы-жырау Марат Сүгірбайдың “Батыр баба” атты концерті өтті. Концертте жыршының орындауымен “Жанқожа батыр” дастаны жырланды. Бұл туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы хабарлады.

Концертке республикаға белгілі тұлға Алмас Алматов, белгілі журналисттер, ел ағалары Ержан Уәйіс пен Тілеген Бекарыстанов, “Әлімсақ журналының” редакторы, журналист Нұрлан Көбегенұлы қатысты.

Жанқожа батырға арналған өлең-жырлар мен дастандар түрлі нұсқада тараған. Әрбір дастанның көркемдігі жоғары, өз кезеңінің тарихи оқиғаларымен суреттелген. Бұл дегеніңіз батыр ерлігін таңды-таңға ұрып жырлауға дайын халық жыршыларының, дастан жазған ақындардың бабаға деген шексіз құрметінің белгісі.

Тағы да оқыңыз: