Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері 23 адам суға кеткен. Өкінішке орай оның сегізі бала. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Тоғызбаев мәлімдеді.
Сала мамандары су айдындарында және жазғы демалыс орындарында қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
«Соңғы уақытта ауа райының күрт ысуына байланысты облыс тұрғындары бекітілмеген орындарда суға шомылуда. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарында күнделікті рейд жүргізіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын күшейтті. Дегенмен, өңірде суға кету жағдайлары азаймай тұр. Мәселен, биыл Сырдария өзенінде – 4 жағдай, каналдарда – 12 жағдай, арықтар мен басқа да су айдындарында – 6 жағдай орын алды», – дейді Асхат Тоғызбаев.
Сонымен қатар басқарма басшысы жеке тұрғын үйлерде балаларға арналған бассейн де қауіпті екенін айтқым келеді. Жақында ғана «Арай» мөлтек ауданында қараусыз қалған 2 жасар сәби бассейндты.
«Сондықтан суға шомылу маусымында сақтық шараларын қаперден шығармай, балаларға абай болған абзал. Қазіргі таңда жедел-құтқару жасағында 49 сүңгуір маман мен барлық техникалар жұмыс істеуде», – деді Асхат Тоғызбаев.
