Kyzylorda-news.kz Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 2024 жылдың  бірінші тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы 188 өтініш қаралған. Былтыр бұл кезеңде басқармаға 173 өтініш түскен. Оның ішінде эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысанның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы 107 өтініш түссе, оның 16-сына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттары толық болмай немесе сәйкессіздік анықталуына байланысты 91 өтініштен бас тартылған. Бұл туралы қала әкімі Серік Қожаниязовтың төрағалығымен өткен мәжілісте қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Сыздықова мәлімдеді.

 Басқармаға келіп түскен өтініштер бірнеше бағытта сараланады. Мәселен, биыл қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары  мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына 81 өтініш түскен. Оның 72-сіне  сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық  қорытынды берілсе, сәйкес болмауына байланысты 9-ынан бас тартылған.

– Биыл Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесіндегі 74 түрінің Қызылорда қаласы  бойынша  49-ы тіркелген жоқ. 2023 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15 жұқпалы аурудың (жіті ішек инфекциялары, тағамнан улану, сальмонеллез,   ротовирусты инфекциялары, бруцеллез, туберкулез, энтеробиоз, лямблиоз, скарлатина, педикулез, эхинококкоз, дерматомикоз) аурушаңдығы азайса, 10 аурудың (қызылша, көкжөтел, желшешек, вирусты гепатит А, жіті респираторлық-вирустық инфекциялары, тұмау, қышыма, коронавирус инфекциясы) көрсеткіші жоғары. Ал санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудағы  нысандармен  байланысты топтық аурушаңдық тіркелген жоқ. Қызылорда қаласында 2024 жылдың 1-тоқсанында қызылша ауруының 831 оқиғасы тіркеліп, аурушаңдық көрсеткіші - 223,4-ті құрады. Облыстық көрсеткіштен 1,9 есеге (112,3) жоғары және облыс бойынша тіркелген аурушаңдықтың 79,2 процентін құрайды. Республикалық көрсеткіштен 2,1 есеге (РК-106,2) жоғары. Аурушаңдыққа басымдылық, яғни 87,7 процент 14 жасқа дейінгі балалар  арасында байқалды. Оның ішінде 18,0 процент 1 жасқа дейінгі балалар. Сәйкесінше кәсіби құрамы бойынша басымды 53,0 процент  ұйымдаспаған балалар, 26,0 процент бала бақша балалары мен 9,4 процент мектеп оқушылары және басқалар. Қызылшаға қарсы иммундық статусы бойынша, 41,2 процент (343) егілмегендер, яғни екпеден түбегейлі бас тартқандар, 18,0 процент (150) екпе мерзіміне жасы жетпеуіне сәйкес егілмегендер, 15,4 процент (128) егілгендер және 25,3 процент (210) иммундық статусы белгісіз. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 01 қарашадағы №7 «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі және 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар қосымша жаппай иммундаумен (бұдан әрі - ҚЖИ) жүргізілуде. Қызылорда қаласы бойынша ҚЖИ жоспары 36384, оның 31583 (26.04.2024ж.) орындалды (86,8 процент). Емханалар кесімінде қалалық көрсеткіштен төмен: «ДостарМедLine» ЖШС - 22,5 процент, «Өндіріс» ЖШС - 43,6 процент, «Интертич» ЖШС - 64,7 процент, «МедАйерке» ЖШС  - 66.6 процент, «Q-med» ЖШС - 86.7 процент, «Сенім» ЖШС - 82,2 процент болды, – дейді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Жамбылқызы.

Мәжілісте сала басшысы қызылша аурушаңдығынын төмендету және алдын алу мақсатында атқарылатын шаралары туралы да баяндады. Алдағы уақытта мақсатты топтағы бір және алты жастағы балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы профилактикалық екпелерін оптималды деңгейде қамту, ауру ошақтарында науқаспен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы вакцинацияның екінші дозасын алмаған адамдарға науқаспен байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей  шұғыл иммундау жүргізу,  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 01 қарашадағы №7 «Қызылшаға қарсы   санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес тиісті контингенттерді   қосымша жаппай иммундаумен толық қамту, егуден түбегейлі бас тартушылар арасында түсіндірме жұмыстарын   жүргізетін консультативтік топтың жұмысын жандандыру жоспарланған.

Сондай-ақ қалада қызылша аурушаңдығының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда қаласында қызылша аурушаңдығының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру мақсатында мүдделі мекемелер тарапынан атқарылуға тиісті іс-шараралардың және жаппай қосымша иммундаудың орындалуына ықпал жасауда «Қалада қызылша аурушаңдығының эпидемиологиялық ахуалының күрделенуі туралы» Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына және Қызылорда қаласының білім бөліміне ұсыныс хаттар беру, Қызылорда қаласы әкімінің орынбарының басшылығымен қаладағы емдеу-сауықтыру мекемелері және ұйымдасқан балалар ұжымдарының басшыларының қатысуымен және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының тұрақты медициналық  штаб отырыстарында апта сайын қаралып, емхана басшыларына нақты тапсырмалар беру, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасымен  профилактикалық екпелерден бас тартқан адамдардың  санын төмендету мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру, ауру оқиғалары бойынша Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы және ұйымдасқан балалар мен жасөспірімдер мекемелері, барлығы - 156 нысанда тергеп-тексеру және 3155 ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу, қызылша алдын алу жолдарын  және қызылшаға қарсы алдын ала егу шараларының тиімділігі жөнінде белсенді санитарлық ағарту шараларын жүргізу сынды шаралар іске асырылған. Тақырыптық 150 лекция оқылып, 3357 әңгімелер жүргізіліп, 2012 парақша таратылған. Сондай-ақ 112 санбюллетендер ілініп, жергілікті телеарнадан 2, әлеуметтік желілерге - 28 (фейсбук, инстаграм), радиодан 25 шығарылымдар берілген.

– Сонымен қатар Қызылорда қаласында 2024 жылдың 1-тоқсанында вирусты гепатит А  ауруының 73 (2023ж. - 39) оқиғасы тіркелді, оның 44-і (2023ж. - 29) 14 жасқа дейінгі балалар. Сәйкесінше 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіштері - 19,6/35,9. 2023 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  аурушаңдық 1,9 жағдайға өскен. Облыстық көрсеткіштен 1,7 есеге (11,6) жоғары және облыс бойынша тіркелген аурушаңдықтың 73,0 процент құрайды. Республикалық көрсеткіштен 3,4 есеге (РК - 5,8) жоғары болған. Аурушаңдықтың өсуі ВГА кезеңдік (циклдық) көтерілуімен байланысты. ВГА - вакцинамен басқарылатын инфекция. Ауырған 44 баланың жас шамасына екпемен қамтылуға тиісті 41 баланың 10-ы ВГА қарсы профилактикалық екпемен қамтылған, 1 екпесі барлары - 4, 2 екпесі барлары - 6. Қалған  31 бала ата-аналарының егуден түбегейлі бас тартуынан  және   ВГА қарсы вакцинаның 2013, 2015, 2017 жылдары үзіліспен берілуі де әсерін тигізді. ВГА алдын алуда профилактикалық екпелермен мақсатты топтағы 2 жастағы 1889 бала  1- екпесімен, 961 бала 2-екпесімен қамтылды. Дегенімен, ата-анасының бас тарту салдарыныан 210 бала 2-ші екпеден тыс қалды. Ошақтарда 14 жасқа дейінгі 25 балаға эпидемиологиялық көрсеткішпен ВГА қарсы екпе жүргізілді.  ВГА аурушаңдығының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру және мектеп оқушылары арасында  ұжымдық иммунитет деңгейін  көтеру  мақсатында емханалармен мектеп және мектеп интернатында оқушыларға ВГА қарсы жүргізілген профилактикалық екпелеріне жасалған ревизия нәтижесімен  егілуге  тиісті  2897 оқушыға екпе жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілуде.    Аурудың таралу жолын үзу мақсатында 105 ошақта (ұйымдасқан балалар мекемелері мен жанұялық ошақта) қорытынды дезинфекция жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілді, – деді сала басшысы баяндамасында.

Басқарманың бақылауында бұдан бөлек барлығы 2084 нысан бар. Оның ішінде эпидемиологиялық маңыздылығы жоғарылары 1051 нысан екен. Осы орайда сала басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» №229 Жарлығы негізінде, шағын кәсіпкерлік және микрокәсіпкерлік субъектілері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласында талаптарға  сәйкестігіне тексерулер жүргізу кестесіне енгізілмегенін атап өтті. Биыл халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласында талаптарға  сәйкестігіне тексерулер жүргізу кестесі 2023 жылдың қараша айында жасақталып, ҚР ДСМ СЭБ Комитетімен бекітуге жолдануына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда көрсетілген Жарлығы күшінің жойылмауына байланысты шағын кәсіпкерлік және микрокәсіпкерлік субъектілерін жоспарға алу мүмкіншілігі болмаған. Ал 2024 жылдың І жартыжылдығына арналған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу кестесіне 12 объект енгізілген.

– 2023 жылы бақылау объектісіне бармай профилактикалық тексеру жүргізілмегендіктен, 2024 жылға бақылау объектісіне бару арқылы профилактикалық тексеруге объектілер жоспарланып, кесте жасалған жоқ, - деді Гүлмира Сыздықова жиында.

Сонымен қатар аталған басқарма тарапынан ауыз су сапасын бақылау міндеті де жүзеге асырылады. Қызылорда қаласын ауыз сумен «Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК және қалаға қарасты елді мекендерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы қамтамасыз етеді. Ауыз судың сапасын бақылау «Қызылорда Су жүйесі» ШЖҚ МКК мекемесінің акредитациядан өткен зертханасымен, «Нұра топтық су құбыры»  ШЖҚ РМК-ның «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен келісім шарт негізінде қамтылған.

Басқарма басшысы Гүлмира Жамбылқызы 2024 жылдың 1 тоқсанында қала және қалаға қарасты елді мекендер орталықтандырылған ауыз су жүйелері мен ұңғымалардан микробиологиялық және санитариялық-химиялық  көрсеткіштерге  64 су үлгісі алынғанын жеткізді. Оның ішінде қала бойынша бактериологялық және санитариялық-химиялық зертханаға 50 үлгі, елдімекендер бойынша бактериологялық және санитариялық-химиялық, радиологиялық зертханаға 14 үлгі алынған. Су сынамаларынан  9 (Арай-84, Арай-2, Арай-3, Арай- Жиделі, Арай су торабы, Сол жағалау)  сульфат (N-500 мг дейін болса, 575,7 мг), Ахмасейт ұңғымасынан сульфат (N500 мг болса, 808мг), кермлектілік (N-7,00мг болса, 30мг анықталған) және құрғақ қалдық (N-1000мг болса, 1996мг ) сәйкессіздік анықталса,  Айнакөл мен Талсуат ұңғымаларынан құрғақ қалдық (N-1000мг болса, 1996 мг) бойынша сәйкессіздік анықталған. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға ықпал ету үшін қала әкіміне және  «Қызылорда Су жүйесі» ШЖҚ МКК, «Нұра топтық су құбыры»  ШЖҚ РМК-ның «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалына хаттар жолданған.

– 2024 жылдың 22-25 сәуір күндері басқарма мамандарының қатысуымен «Нұра топтық су құбыры»  ШЖҚ РМК-ның «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалымен оқшау сумен жабдықтау жүйелерін, таза су қоймаларын және су жинау мұнараларына көктемгі жуып-шаю, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, – деді басқарма басшысы мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ Қызылорда облысының және Қызылорда қалалық прокуратурасының қаулылары негізінде басқарма мамандарының қатысуымен 105 нысанға (50 мектеп, 5 мектеп-интернаты, 45 мектеп асханалары, 5 ветеринариялық зертханалар) тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру қорытындысымен берілген ұсынулар негізінде 114  әкімшілік шаралар көрілген. ҚР ДСМ Медициналық және Фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен, Қызылорда облысының білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаментінен лицензия беру барысында келісім алуға барлығы 82 өтініш тіркеліп, оның 64-іне келісім берілсе, 18-іне келісім берілмей кері қайтарылған.

– 2024 жылдың 1-інші тоқсанында бақылаудағы объектілердің 380 өндірістік бақылау бағдарламасымен жұмыс жасауда. Олар: мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары 98 мектеп-интернаттар 9, мектеп асханалары 56, кремді кондитерлік цехтар 6, дәрі шығаратын дәріхана - 1, сұлулық салондар 11, қан орталығы 1, білім беру ұйымдары 52, қоғамдық тамақтану орындары 28, сүт өнімдері объектісі  1, ет өнімдерін өндіру цехтары 1, бөтелкедегі су шығаратын цехтар 6, тұз өндіру цехы 1, нан өнімдерін өндіру объектілер  8, ауыз сумен қамтамасыз ету обьектілері 12, емханалар 60, стоматология 16, стационарлық көмек көрсету объектілері 13. ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығымен бекітілген «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағида талаптарына сәйкес2024 жылдың І тоқсанында атмосфералық ауаға  өндірістік нысандар бойынша 590 зертханалық-аспаптық зерттеу үлгілері жоспарланып, толығымен орындалды (метан, пропан, бензол, сынап буы, свинец, азот тотығы, бензин, жанаржағармай, формальдегид, аммиак, күкірт қышқылы). Нәтижесімен сәйкессіздік анықталған жоқ. Басқарманың мамандарымен барлығы 111 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Жүргізілген тексерулер барысында 111 бұзушылық анықталып, тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жалпы соммасы  21 166 236 теңге көлемінде 147 айыппұл шарасы қолданылған. Атап айтқанда, басқармамен 2024 жылдың І тоқсанында салынған айыппұл саны - 147/21 166 236, оның ішінде жеке тұлғаға - 120/6 645 600, заңды тұлғаға - 26/14 096 056 (594 412х18=10 699 416; 424 580х8=3 396 640), лауазымды тұлғаға - 1/424 580. Оның ішінде өндірілгені: 133/13 383 500 (жеке тұлға - 55 380х119=6 590 220; заңды тұлға - 13/6 368 700 (594 412х5=2 972 060; 424 580х8=3 396 640);  лауазымды тұлға-1/424 580). Өндірілмегені-14/7 782 736. Басқарманың 10.01.2024 жылғы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы негізінде, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 19.01.2024ж. қаулысымен «ЖК Д.Исанкуловқа» ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлімімен 64 610 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулыларымен Абай атындағы мектеп КММ-ге, №101 мектеп-лицейіне, №3 мектеп-лицейіне ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлімімен әр қайсысына 64 640 теңге айыппұлдар салынды. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотының 24.01.2024ж. №4360-23-00-2/3314 ұйғаруымен Шолпанай» мектепке дейінгі балабақша жеке мекемесі» КММ-сі бойынша іс жүргізу тоқтатылған. 13.02.2024ж. № 24-34-19-03-09/453-И хатымен жеке шағым жолданып, Қызылорда облыстық сотының 12.03.2024 ж. №399-24-00-2а/207 ұйғарыммен жеке шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотына басқарма тарапынан Абай атындағы мектеп КММ, №101 мектеп-лицейі,№3 мектеп-лицейі рұқсат құжатсыз жұмыс атқаруларына байланысты жұмыстарын уақытша тоқтату туралы берілген талап арыздар қараусыз қалдырылды, – деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Сыздықова.

Жиында сондай-ақ, ақпарат беру бағытында атқарылған жұмыстары жайы да айтылды. Бұл бағытта басқарма бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 6 сұқбат, 2 брифинг берілсе, 11 семинар-тренинг, 13 мақала, 388 әлеуметтік желідегі жарияланым беріліп, 10 әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізілген. Бұдан бөлек 47 дәріс оқылып, 767 әңгіме жүргізілген. Басқарманың 2024 жылдың 1 тоқсанында медиа-жоспарында  жоспарланған 48 тармақ 100 пайыз  орындалған.

 Алдағы уақытта басқарма тарапынан мынадай жұмыстарды жүзеге асыру көзделуде. Оның ішінде мақсатты топтағы балаларды қызылшаға және вирусты гепатит А қарсы жоспарлы профилактикалық екпелермен оптималды деңгейде қамтылуын және Ұлттық екпе күнтізбесі шеңберінде бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 14 жасқа дейінгі балаларға ілеспе екпелердің жүргізілуін бақылау, ауру ошақтарында науқаспен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы вакцинацияның екінші дозасын алмаған адамдарға науқаспен байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей  шұғыл иммундауды және тиісті контингенттерді қосымша жаппай иммундаумен қамтуды қадағалау, вирусты гепатит А қарсы жүргізілген профилактикалық екпелерімен қамтылмаған 2897 мектеп оқушыларына екпе жұмыстарын аяқтауды бақылау, профилактикалық екпелерден түбегейлі бас тартушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін консультативтік топтың жұмысын жандандыру, вирусты гепатит А ошақтарында 14 жасқа дейінгі байланыста болған балаларды байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптада егілуін ұйымдастыру, Қызылорда қаласы тұрғындары арасында қызылша және вирусты гепатит А ауруларының алдын алуда екпелердің маңыздылығы мен тиімділігі туралы санитариялық-ағарту жұмыстарын  кеңінен  жүргізу, ҚР ДСМ 30.12.2020ж. № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы» қағидаларының талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету, басқарма тарапынан жүргізілетін барлық тексерулерді ҚР Кәсіпкерлік кодексі талаптарына сәйкес рәсімделуін және атқарылуын қамтамасыз ету, басқармамен бекітілген мемлекеттік тапсырыстың 100 процент орындалуын қамтамасыз ету шаралары бар.

А.Әлім

Тағы да оқыңыз: