Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы аумағында бір аптада жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 1749 дерегі анықталды.

Оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар көлiк құралдарын басқарудың – 69 дерегі, жалған және қолдан жасалған мемлекеттік белгі тағып көлік құралын басқарудың 6, ұялы телефонмен сөйлесудің -91, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың -218, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың -336, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтудің -24, жаяу жүргіншіге жол бермеудің -57, көлік құралының қараңғы мезгілінде сыртқы жарықтандыру құрылғыларын пайдалану қағидасын бұзудың -75, соқтығысу сәтін туғызудың -19, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың -17, құжатсыз көлік құралын басқарудың-64, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамаудың -89, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзудың -12 деректері анықталды.

151 автокөлік айып тұрағына қойылып, 76 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынған. 

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуды және басшылықтың қатаң бақылауында.

Тағы да оқыңыз: