Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға 19 ақпан Самара – Шымкент автомобиль жолының 1767 -1768 шақырымында (Сырдария ауданы) болды. Тас жолда Mercedes пен Opel көліктері соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханаға түсті. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Тағы да оқыңыз: