Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды.

Оқыс оқиға 10 тамыз күні кешкі уақытта қала орталығындағы Астана даңғылында болған. «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

Ал «Лексус 470» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда ол ауруханада жатыр.

Құтқарушылар автокөлікті кесіп, қысылып қалған адамдардың денесін алып шыққан. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тағы да оқыңыз: