Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы Полиция басқармасының “CyberPol” жедел - тергеу тобының қызметкерлері кибералаяқтық қылмысын жасаған Түркістан облысының 20 жастағы күдікті азаматшасы ұсталды.

 Оқиға қаңтар-наурыз айларының аралығында орын алған. Оқиға бойынша 7 сәуір күні үш бірдей қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандарын мәлімдеп, полицияға арызданған.

 Олар уақытша пәтер жалдамақшы болып, интернет сайты арқылы фотосуреттері бар пәтерді көрген.  Күдікті әрбір жәбірленушіден 30 мың мен 15 мың көлемінде алдын-ала төлем алған. Алайда, олар өздеріне қажетті пәтерді аталған уақытта жалға ала алмаған.

Басқарма қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті өз ісін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
 Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп - тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Қызылордалық полицейлер ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде өте қырағы және сақ болуды сұрайды. Егер сіз алаяқтық қылмысының құрбаны болсаңыз, тез арада 102 нөмері арқылы полицияға хабарлассаңыз болады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: