Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласында16 және 14 жастағы жасөспірім қыздар «Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілері 8 қараша күні сағат 09:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама тіркелген болатын.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері  бірнеше күн іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жасөспірімдерді Шымкент қаласынан  аман – есен тапты. Қазіргі таңда, жасөспірімдер қалаға жеткізіліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Олардың екеуі де «Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілері.   Үлкені өткен жылы №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатты бітірді.  

«Сыр өңіріндегі балалалардың құқығын қорғау – менің негізгі міндетім. Таяу күндері өңірімізде 2006 және 2008 жылғы қос жасөспірім қыз жоғалды. Дер кезінде іздестіру жұмыстары үзілмей жүріп, нәтижесінде қыздар табылып отыр. Жасөспірімдерді іздестіруге тиісті құзырлы орындар: Қызылорда облыстық білім басқармасы, Қызылорда қалалық полиция басқармасы және еріктілер тобы жұмылдырылды. Сонымен қатар волонтерлар, жастар орталығының мүшелері, Алматы, Шымкент қалаларындағы ерікті жастар атсалысып, көмектесті. Қызылорда облысының Білім басқармасы басшысымен бұл жағдай талқыланып, қауіпсіздік бойынша қандай шаралар қабылдау қажеттігі туралы ортақ шешім уақытылы қабылданды. Қазір кәмелетке толмаған екі қыз да аман есен оралып, тиісті медициналық, психологиялық қолдау, кеңестер берілуде. Балалар аман болсын! Біз үшін бала қауіпсіздігі – бірінші орында!», − деді Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жапырақ Ұзақбаева.

                               

Тағы да оқыңыз: