Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Тасбөгет полиция бөліміне Махамбет ауылы тұрғынынан кәмелетке толмаған 13 және 11 жастағы екі баласы ойнауға шығып қайта үйіне келмегендігі жөнінде хабарлама түсті.

Жоғалған балаларды іздеу үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен  қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған балалар 3 сағат ішінде қаланың сол жақ жағалауында табылып, аман-есен үйіне оралды.

Аталған кәмелетке толмағандар бірнеше рет түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жүргендері үшін заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бүгінгі таңда  балалармен және олардың ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылықтардың  алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.

Тағы да оқыңыз: