Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жеке құрамның отбасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалы зерделенді.
Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат тобынының инспекторы әділет сержанты Жаннұр Даулетиярова мекеме қызметкерлерінің отбасы тіршілігімен танысты.
Басты мақсат - қызметкелердің жанұядағы психологиялық жай күйін білу, тұрмыстық жағдайларына қарай, жемқорлыққа деген тәуекелдерін бағалау үшін, зерделеу жұмыстарын жүргізу болып табылды.
Мекемедегі жеке құрамның қызметтік міндетінен бөлек, олардың қызметтегі моральдік-психологиялық көңіл-күйінің жоғарғы деңгейде болуына қызметкерлеріміздің әлеуметтік тұрмыстық жағдайының игі әсері бар. Апта басында алдымен, жас жеке құрам мүшелерінің тұрмысымен танысып, ата-анасы, жұбайлары арасындағы қарым-қатынасты бағамдап қайттық. Алғаш болып, жұмысқа жақында ғана орналасқан, Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет сержанты Құттымбек Рүстемнің үйіне бардық. Бұл жігіт бойдақ, қалада пәтер жалдап тұрады. Мемлекет тарапынан төленетін төлемақы негізінде, пәтер ақысын төлеп отыр. Өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүр. Қызметтен тыс уақытта да, ішкі істер органдары қызметкеріне тән әдеп нормаларын сақтап келеді», - дейді Жаннұр Даулетиярова.
Мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, әділет лейтенанты Амандық Шаттық анасымен бірге тұрады. Көпбалалы отбасының отағасы, әділет старшинасы Сұнғат Ибраимовтың шаңырағында шаттық орнаған.
«Менің Қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет атқарғаныма 21 жыл болды. Жұмысым тым қауырт. Санаға салмақ салар сәттері де бар. Бірақ, үйге оралғанда, жұбайым мен балаларым алдымнан құшақ ұрып шыққанын көріп, шаршағаным басылады. Әрине, мынандай қымбатшылық кезеңде, материялдық та қиындықтар болды. Қанша қиналсам да, көлденең ақша табуды ойламадым. Оңай олжа орға жықтыратынын, сыбайлас жемқорлықтың соңы жақсылыққа апармайтынын күнделікті қызмет бабында қамауға келіп түсіп жатқан азаматтардың тағдырынан көріп жүрмін. Отбасымды таза маңдай тер еңбегіммен асырап отырмын. Үйімді ипотекаға алғанмын. Ай, сайын есепшотыма жанұя басындағы әр отбасы мүшесіне мемлекет тарапынан бөлінетін пәтерақы төлемі түсіп тұрады. Біздің қызметтте ар мен абыройға жұмыс жасау керек», - дейді Сұнғат Смағұлұлы.

