Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіл кеңінен насихатталады.  

Осы орайда, жеке құрам арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және дамыту үшін мекеменің жас жеке құрам қызметкерлері арасында «Тіл жүйрігі - ең жүйрік» тақырыбында іс-шара өтті.

Шараның мақсаты - жас қызметкерлерді тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге баулу, бойларына шешендік өнерді сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін артттыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру болып табылды.

Шара барысында қызметкерлер үш кезең бойынша бақ сынап, мемлекеттік тілдің мерейін үстем етті.  

Погондағы  жас азаматтар, сөз мәйегі мақалдың жалғасын жаңылмай тауып, даналық сөздерден тұщымды ой түйіп, шешендігін танытты. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға жылдам жауап берді. Сондай-ақ өз өнерлерін ортаға салды. 

Қорыта айтқанда барлық қатысушы шараға белсене қатысып, мемлекеттік тілге деген ерекше құрметін білдірді.

«Бүгінгі іс-шарада Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл» өлеңін оқыдым. Ұлт патриотының тіл жөніндегі ойларын құптаймын. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін  Қазақстанның әр азаматы  тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек, яғни ана тілімізді шұбарламай, таза, табиғи мәнерінде сөйлеуіміз керек», - дейді Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Асылжан Әбдішүкір.

e7392878-41b8-473d-9483-27f4604dce74.jpg

Тағы да оқыңыз: