Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы жол апатында жедел жәрдем қызметкерлерінің өмірін қиған кінәлі жүргізуші сотталды. Бұл туралы Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, сотталушы оқыс оқиғаға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан масаң күйде көлік құралын басқарып, нәтижесінде 2 адамның өмірін қиды.
«Сот жәбірленушілердің туыстары сотталушыны кешіргенін ескере отырып, оны ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды», – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, оқыс оқиға өткен жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы орталық көшелердің бірінде орын алды. Мас жүргізуші басқарған Toyota Land Cruiser көлігі бағдаршамда тұрған жедел жәрдем көлігін соғып, оны бірнеше метр жерге ұшырып жіберген. Бұл оқиғада фельдшер Жадыра Омарова мен жедел жәрдем жүргізушісі Бақытжан Маенов көз жұмды.
