Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің  басты міндеттерінің бірі -  сотталғандарды жұмыспен қамту. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде сотталғандардың 80 пайызы жұмыспен қамтылған. Олар қала аумағында 30-дан астам кәсіпкерде жұмыс істейді. 

Мекеме әкімшілігі жуырда сегіз сотталғанды  қала орталығындағы тігін цехына  жұмысқа орналастырды.  Тігінші ретінде  жұмыс істейтін  әйел азаматшалар  тігіннен хабары барлар. Олар  киімді пішу, тігу  жұмыстарымен айналысады.  Көбінесе қыз-келіншектердің  көйлектерін, формалы киімдер тігеді.

«Қажетті маталармен тігін цехынынң басшысы қамтамасыз етеді. Алдымен олар киім пішу жұмыстарын жасап, әрбір көйлектің өзіндік үлгісін жасап, ерекше тігілуіне мән береміз.  Жалпы тігіншілікті анамның жанында жүріп үйренгенмін. Тігін машинасымен жұмыс жасау маған қиындық тудырмады. Жұмысқа бірден кірісіп, тапсырыстарды уақытында дайындап беріп жатырмыз. Жалақы уақытында беріледі. Өзімізге қажетті заттарды алып, артылғанын отбасыма жіберіп отырамын. Бостандықтың қадірін  кеш түсінгеніме өкінемін. Жаза мерзімімді өтеп отбасыма тезірек ормалғым келеді»,- дейді жазасын өтеуші Айнұр. 

Мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы Айгүл Ботпанованың айтуынша жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған. 

«Қазіргі таңда  30-дан астам  кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50 пайызы мемелекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарланған», -  дейді әділет капитаны  А.Ботпанова.

8499d04d-2308-4e70-a2d7-12fa7314b3e0.jpg

 

d23f315d-bf7e-46be-974a-7a31950c0b77.jpg

 

 

Тағы да оқыңыз: