Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адам түзеу мекемесіне жіберілді. Бұл туралы Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы міндетін атқарушы әділет капитаны Е.Жақсылықов хабарлады.

Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған екі сотталғанның  жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының биылғы жылдың 13 қыркүйегіндегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша В. есімді азамат 1 жыл 4 ай 27 күнге бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, Байқоңыр қалалық пробация есебіне алынады. 

Есепке алынған уақыттан бастап, сотталғанға жаза өтеу тәртібі мен шарттары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, жаза өтеу тәртібін орындамаған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасына қайта ауыстырылатындығы ескертілген. Алайда, аталған сотталған тиісті нәтиже шығармай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар тіркеуге келмей,  жаза өтеу талаптарын қаскөйлікпен бұзған. Осыған байланысты, Байқоңыр қалалық пробация қызметі инспекторларымен сотқа бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс келтірілген. Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, соттың қаулысымен сотталған түзеу мекемесіне жіберілді. 

Айта кетейік, қаулы заңды күшіне енген. 

турме.jpg

Тағы да оқыңыз: