Kyzylorda-news.kz. «Qosyl» Qyzylorda Jastar Ortalygy және «Жастар Рухы Кызылорданың» ұйымдастыруымен бітіруші түлектер мен жұмыссыз жастар үшін арнайы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде қала аумағындағы тұрақты және маусымдық негіздегі жұмыс орындары ұсынылды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қызмет алуға келген қала тұрғындары мен жастар үшін 18 мекемеден 175 бос жұмыс орнына жұмыс жасайтын азаматтарға сұраныс берілген. Жұмыссыз жастар соның ішінен өз қабілетіне жарамды деген ұсыныстарды таңдады. Нәтижесінде, маусымдық қызмет көрсетуге «Жасыл Ел» еңбек жасағына 6 адам, тұрақты жұмыс орындарына 7 адам, сұхбаттасуға 5 адам жолдама алды. 

Сонымен қатар, 12 азамат өздерінің сұрақтары бойынша мекеме қызметкерлерінен консультациялық көмек алды. Сұрақтардың басым көпшілігі міндетті зейнет ақы қорының қызметкерлеріне қойылды. Бітіруші түлектер жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінен диплом алғаннан кейінгі жұмысқа орналасу және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу бойынша сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. 

Алдағы уақытта осы форматтағы шара жалғасын табатын болады. Биылғы оқу жылында облыс көлемінде барлығы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің өзінен 5624 жас маман бітіргелі жатыр.

Тағы да оқыңыз: