Kyzylorda-news.kz. Ел өміріндегі бірқатар мәселелерді шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезіміне, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға тікелей байланысты. Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы болған. «Отан от басынан басталады» дейтін халықтың ұрпағы бұл сенімнен шыға алып жүр ме? «Отаншыл сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі? Қазіргі күні жастарымыздың бойындағы отаншыл рух, патриоттық сезім қандай деңгейде?» деген сауалдардың бізді ойландыруы заңдылық.

Осы орайда, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ер-елінің қорғаны» атты кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты - әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру. 

Шараға Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие идеологиялық және әскери патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Жақыпов Алмат Алмасұлы, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы запастағы подполковник Ршауов Мыңділда Сағидуллаұлы, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер  әскери- патриоттық қозғалысы РҚБ Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жақашов Абзал Құрманғазыұлы қатысты.

Аталмыш шара қонақтары  жастарға патриоттық тәрбие беруде жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстарға тоқталып,  әскерді ұстап тұрған – рух болса, қазір елімізге рухты әскер екі есе қажет екендігін  ескерте отырып, жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктелетінін жеткізді.

318546426_1672740676456783_505653550268210298_n.jpg

Тағы да оқыңыз: