Kyzylorda-news.kz. 17 қазан күні Қызылорда қаласының орталық алаңында жасөспірімдердің жаппай төбелесі орын алған. Жастардың төбелесі видеоға түсіп қалды.
Бейнежазбадан жасөспірімдердің бір-бірін ұрып, жерге құлағандарды аяусыз теуіп жатқанын көруге болады.
Бұл іске қатысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы түсініктеме берді.
«Қызылорда қаласының орталығында түнгі уақытта жас жігіттер өзара келіспей, шу шығарған. Сол жерде патрульдік полиция қызметкерлерімен бірнеше кәмелетке толмағандар ұсталып, қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Дене жарақатын алып, зардап шеккендер жоқ. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән жайлары анықталуда», – делінген Қалалық полиция басқармасының хабарламасында.
