Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық «Жастар орталығы» КММ-нің бастамасымен жас кәсіпкерлер қауымдастығы құрылмақ.
Қауымдастықтың басты мақсаты – жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосу және аймақтағы жас кәсіпкерлердіӊ басын біріктіру. Онда өңіріміздегі кәсібін бастаған жас кәсіпкерлер мен орталық қызметкерлері бас қосып, тың жобаларды жүзеге асырудың жолдарын талқылайды. Жастар ресурстық орталығымен бірлесе құрылған қауымдастық алдағы уақытта кәсіпкерлік саласында алғаш жұмысын бастаған барлық кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетпек.
«Бұл бастама кәсіппен айналысамын деген жастарға үлкен мүмкіндік беретінін айтқым келеді. Біз жастардың бизнес идеялары мен старт-ап жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Жас кәсіпкерлердіӊ қауымдастығын құру бастамасы өте орынды деп есептеймін. Себебі, мұндай қауымдастық барлық бизнес идеялардыӊ жүзеге асуына тікелей түрткі болады. Тікелей Жастар орталығымен бірлесе жастардың бизнестегі жолын ашып, бағдар беретін нәтижелі жұмыс жүргіземіз», - деді облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Тілес.
Кездесу барысында жастар көшбасшысы жас кәсіпкерлердің ой-ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Кәсіпкерлер өз кәсібін қалай бастағанын және қазір қандай деңгейге жеткізгенін көрсетті.
Кездесу соңында жастар нақты ұсыныстарын жеткізіп, алдағы жоспарларын талқылады.

