Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының орталығында жаңа сауда үйі ашылды.

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов ұлттық сипат алған Республика күні мерекесі аясында бүгін «РЗА» сауда орталығының ашылу салтанатына қатысты.

Қандай да бір өрге басар істің артынан сабақтастық пен үйлесімділікті көруге болады десек, қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалып келеді. 

Жан-жақты қолдаудың, кәсіпкерлікті дамытуға арналған түрлі бағдарламалардың нәтижесінде облыс орталығымен қатар, кент, елді мекендерде де кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар саны артып, кәсіпкерлік нысандары да көбеюде. Бұл - соның арқасында жұмыссыз азаматтардың да саны кеміп, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деген сөз. Мысалға, жаңа сауда орталығын ашқан жеке кәсіпкер Серік Манақбаев 25 адамды жұмыспен қамтып, соншама отбасына жақсы мүмкіндік сыйлап отыр.

Салтанатты рәсімде сөз алған қала әкімі Асылбек Шаменов жаңа сауда үйінің тұрғындарға сапалы өнім ұсынып, тиімді қызмет көрсетуіне тілектестігін білдіріп, қала тұрғындарын елдіктің тұтқасы, өрліктің нұсқасы болған Республика күнімен құттықтады.

313110347_3215791648687571_972779208130046152_n.jpg
312858716_3215791565354246_1124944959431920992_n.jpg
312935727_3215791535354249_4929555022992449820_n.jpg
313020102_3215791512020918_4469310430963900465_n.jpg
312938517_3215791612020908_3938854914927265070_n.jpg
313023183_3215791618687574_3923858111257343429_n.jpg

Тағы да оқыңыз: