Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жаңа жыл мерекесі аясында Қызылорда қаласы, барлық аудандар мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Сыр диқандары мен тауарөндірушілер жәрмеңкеге 200 жүк көлігіне тиелген 500 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, нарық бағасынан төмен бағада сатылуда.

Атап айтқанда, 90 тонна ақ күріш, 33 тонна балық, 116 тонна картоп, 47 тонна сәбіз, 66 тонна пияз, 24 тонна қырыққабат, 37,5 тонна асхабақ, 10 тонна қызылша, 18 тонна алма, алмұрт, 6 тонна сиыр еті, 1 тонна жылқы еті, 5 тонна қымыз, шұбат, сүт өнімдері, 1000 дана жұмыртқа және тағы басқа өнімдері жеткізілді.

Тағы да оқыңыз: