Kyzylorda-news.kz. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында ІІМ Автомобиль жолдары комитетімен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, белгіленген жылдамдық режимін асырған автокөліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда камераларды пайдалану жөніндегі жүйені іске асырды.
«ZEREK-2» бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни нұсқамаларды құқықбұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады.
Бүгінгі таңда «ZEREK-2» Шымкент – Қызылорда автожолдарында, «Самара - Шымкент» жолының 1826/440 шақырымындағы қаланың оңтүстікке шыға берісінде, «Самара - Шымкент» жолының 1913/353 шақырымындағы Бәйгеқұм ауылының тұсында, «Самара - Шымкент» тас жолының 1958/308 шақырымындағы Сунақ ата ауылының тұсына қойылды.
Биылғы жылдың жеті айында облыс көлемінде 261жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 58 адам қаза тауып, 330 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап «ZEREK-2» кешені штаттық режимде жұмыс атқаратын болады.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жүргізушілерден жылдамдық режимін және автокөліктер арасындағы қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.