Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған шетелдік азамат бас бостандығынан айырылды.

Қызылордада биыл 24 мың шетел азаматы уақытша тіркелген. Олардың дені, яғни 94 пайызы өзбекстандықтар. Дегенмен олардың 10 мыңнан астамы жұмыс істеуге рұқсат алмаған, еңбекші мигрант ретінде тіркелмеген.

Былтыр жүргізілген тексеру нәтижесінде шетел еңбек мигранттарының полиция органдарына ұсынған 1 400 медициналық анықтаманың медицина ұйымдары тарапынан берілмегені анықталды. Олардың арасында Жаңақорғанда 500, Қазалыда 334, Қармақшыда 187, Жалағашта 84, Сырдарияда 71, Аралда 37, Шиеліде 36, Қызылорда 137 осындай жағдай орын алған.

«Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз көші қонды ұйымдастырған 2 шетелдік азамат ұсталған. Сот үкімімен олар бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жалған дипломмен жұмыс істеген шетелдік белгілі болды. Прокурорлық қадағалау актісімен олардың рұқсаты кері қайтарылып, республика аумағынан шығарылды. Осыған орай, көші-қон және шетелдік жұмыс күшін тарту заңнамаларының сақталу жағдайы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, осы бағыттағы ортақ міндеттер мен іс-шаралар айқындалды», – деп мәлім етті Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай.

Тағы да оқыңыз: