Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы ПБ Ақсай полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қару» іс-шарасы барысында түнгі уақытта қала аумағында «Volkswagen» автокөлігін тоқтатқан.
Полиция қызметкерлері 47 жастағы жүргізушінің тексеру барысында одан 9 газет қиындысына оралған жасыл түсті затын анықтады. Сараптама қорытындысымен алынған зат «кептірілген марихуана» есірткі екені белгілі болды.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тергеу басталды.
