Kyzylorda-news.kz. Қызылордада волейбол және тоғызқұмалақ сайыстарының жеңімпаздары марапатталды.

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен биылғы оқу жылындағы мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі спартакиада жарысы басталған еді. Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейінде волейбол қыздар және тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. 

Қыздар арасында өткен волейбол спорт түрі бойынша жүлделі І орын Абай атындағы ДБА мектеп құрамасына бұйырды. Ал, ІІ орынға С.Әлжіков атындағы №144 орта мектеп жайғасты. ІІІ орынға Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі лайық деп танылды. Сонымен қатар, «Жеңіске деген жігері» үшін номинациясымен №138 орта мектеп марапатталды. 

Ал, екі күнге созылған тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша бүгін жеңімпаздар анықталды. Жүлделі І орын Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің командасы жеңіп алды. ІІ орынға С.Әлжіков атындағы №144 орта мектептің командасы жайғасса, ІІІ орынға С.Лапин атындағы №261 орта мектептің командасы лайық деп танылды. «Жеңіске деген жігері» үшін номинациясымен Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейдің командасына бұйырды. 

Сонымен қатар, оқушылар «Үздік ойыншы», «Үздік либеро», «Үздік шабуылдаушы» номинацияларымен марапатталды. 
Айта кетейік, оқушылар спартакиада аясында желтоқсан айында шахмат спорт  түрі бойынша сынға түсетін болады. 

315882095_1250323645695741_3686842464016038522_n.jpg

Тағы да оқыңыз: