Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі әйел азаматшалар да қатысты. Тәжірибелі визажист Серік Арайлым оларға бет әрлеудің түрлі техникаларын, декоративті косметиканы дұрыс таңдау жолдарын үйретті. Сонымен қоса бетке арналған жақпа майларды дұрыс қолдануға,макияж жасау кезінде жиі жіберілетін қателіктер жайлы кеңестер берді.

– Бүгін тәжірибелі маманнан көп нәрсе үйрендік. Макияжды әдемі жасау үшін өнерлі болу керек деп ойлаймын. Визажист бүгінгі қоғамда ең көп сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Сондықтан осы визажистпен кездесуді асыға күттім. Бет әрлеудің әдіс -тәсілдерін үйреніп, сертификат алдым. Әрбір қыз баласы бетін әрлеп,боянып жүру керек деп есептеймін.Болашақта менде кәсіби визажист болғым келеді.Бүгінгі кездесуді ұйымдастырған Жастар ресурстық орталығы мен пробация қызметіне алғысым шексіз деді,-есептегі азаматша.

Тағы да оқыңыз: