Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының қадірлі ақсақалдарының бірі Ұлы отан соғысының ардагері Төлеген Жүнісұлы 102 жасында қайтыс болды.

Соғыс оты тұтанған жылы Төлеген Жүнісов 18 жаста еді. 1942 жылы 19 жасында әскер қатарына шақырылып, Өзбекстандағы Самарқан шаһарына жіберіледі. 5 ай кіші командирлікке оқып, білімін жетілдірген соң Украинаның Луговой станциясына аттанады. Осы жерде қиян-кескі ұрыстарға қатысады. Фашистік Германияның әскерін талқандауда жаяу әскері қатарында болған кіші сержант Төлеген де ерліктің үлгісін көрсетеді. Сонымен бірге ол Украинаның Харьков, Прискуров, Тернополь, Львов қалаларын жаудан азат етуге атсалысады. 

 

Тағы да оқыңыз: