Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өткен жылдың қортындысымен анықталған Үздік салық төлеушілерді марапаттау жиыны өткізілді. 

Мемлекеттік кірістер органдарының ашықтығы мен сенімін арттыру және кәсіпкерлік қызмет субъектілерін моральдық ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» лауреаттарын Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының биылғы жылдың 16 қарашасындағы №674 бұйрығына сәйкес іріктелді. Нәтижесінде өңіріміздің 5 салық төлеушісі мен 1 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы үздік болып анықталды.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департамент басшысы Ғани Аманов лауреаттарды құттықтап, диплом табыстады. Үздік салық төлеушілер мен Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушыларын атап өтер болсақ:

- «Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимі» номинациясының лауреаты «Қызылдихан» шаруа қожалығы. 

- «Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі» номинациясының жеңімпазы дара кәсіпкер Нұғманова Баян Нұрланқызы.

- «Салық салудың жалпыға бірдей режимі - өндіріс» номинациясының жеңімпазы «Меркур-Стройсервис» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі. 

- «Салық салудың жалпыға бірдей режимі - өндіріс» номинациясының лауреаты «Жаңақорған-Шипажай» акционерлік қоғамы.

- «Салық салудың жалпыға бірдей режимі - өндіріс» номинациясының лауреаты «DALATEX» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі.

- «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушы» номинациясының жеңімпазы «Эль Панда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

318625476_1323579731729302_1769515130278777839_n.jpg
318533312_1323579701729305_693203120283997651_n.jpg
318539942_1323579625062646_6196860466376900673_n.jpg

Тағы да оқыңыз: