Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаевтың төрағалық етуімен «Қала әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес» отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша «2023 жыл көлемінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы және 2024 жылға жоспарланған әлеуметтік жобалар мен қосымша ұсыныстар туралы» қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев хабарлама жасады.

Айта кету керек, облыстық Әділет басқармасының мәліметіне сәйкес Қызылорда қаласы бойынша 705 ұйым тіркелген. Оның ішінде 112 ұйым белсенді жұмыс жасайды. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды жобаларын жүзеге асыру қызметі бойынша 2024 жылға қалалық бюджеттен бөлінген қаржыға 6 әлеуметтік жоба іске асырылуда.

Келесі мәселе, қалалық спорт, дене тәрбиесі және туризм бөлімінің басшысы Қайрат Есенгелдиев «Үкіметтік емес ұйым өкілдерін тарта отырып, салауатты өмірді қалыптастыру мақсатында, белсенді өмір ұстанымын және алкогольдік ішімдіктер мен есірткіні қолдануға теріс көзқарасты қоғамда қалыптастыру бағытындағы спорттық шаралар ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баяндады.

Қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту және олар бойынша атқарылған жұмыстар туралы» Тасбөгет кентінің әкімі Айдын Тыныштықбай, Талсуат ауылдық округінің әкімі Ерлан Бейсенбаев және Ақжарма ауылдық округінің әкімі Саттар Әбдіреев тоқталып өтті.

Кеңес отырысында жауапты сала басшыларына үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бағытында тиісті жұмыстарды үйлестіру жөнінде тапсырмалар берілді.

Кеңес отырысының көтерілген мәселелер мен берілген ұсынымдарды хаттамалық тапсырмаға енгізу тапсырылды.

Тағы да оқыңыз: